USD448.56EUR478.03RUB4.79

«Табысты отбасы» жобасының түлектері өз ісін ашуға құрал-жабдықтар алды

30 қаңтар 2023, 11:49
Семей қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері және облыс әкімінің орынбасарының қатысуымен «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының түлектеріне жабдықтар жиынтығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
«Табысты отбасы» жобасының түлектері өз ісін ашуға құрал-жабдықтар алды

Абай облысынан жобаның 29 қатысушысы өз ісін ашу үшін жабдықтар түріндегі гранттар алды - олар ноутбуктер, тігін машиналары, пештер, миксерлер, кушеткалар және мультимарок сканері және тағы басқалары. Жоба шеңберінде кешенді оқыту бес бейіндік бағыт бойынша «ЅММ», «Кондитерлік іс», «Сұлулық индустриясы», «Тігін ісі» және «Автоэлектриктер» мамандық игерді.

«Табысты отбасы» жобасы аз қамтылған отбасыларға, көп балалы аналарға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және бір бала тәрбиелеп отырған әкелер мен аналарға көмек көрсетуге бағытталған.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына осындай әлеуметтік жобаны қолдағаны үшін алғыс білдіргім келеді», - деді Абай облысы әкімнің орынбасары Шалқар Байбеков.

Бүгін Абай облысы бойынша жабдықты 29 қатысушысы («СММ» - 10, «Кондитерлік ісі» - 6, «Бьюти индустрия» - 6) иеленді. Қазір екінші айында 41 қатысушы білім алуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Табысты Отбасы» әлеуметтік жобасының пилоты 2022 жылдың 1 желтоқсанында Абай облысында басталды. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының кешенді қолдауымен іске асырылуда. Бейіндік оқыту, тәлімгерлік қолдау, жеке тұлғалық даму және бизнес-дағдыларды дамыту бойынша тренингтерден басқа, қатысушы сабақтарға белсенді қатысып, жаттықтырушы мен тәлімгердің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ол өз ісін бастау үшін қажетті инвентарь мен құрал-жабдықтарды тегін алады. Осы аталғандар жобаның басты ерекшеліктері болып табылады.

«Табысты отбасы» қайырымдылық жобасын іске асыру кезендері туралы ақпарат БАҚ бетінде және @tabysty.otbasy жобасының инстаграм-парақшасында орналастырылады.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar