USD443.35EUR475.54RUB4.82

«Асылдың сынығы» атты дәріс өтті

26 қаңтар 2023, 14:06
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде мәдениттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің туғанына 80 жыл толуына орай «Асылдың сынығы» дәріс өтті.
«Асылдың сынығы» атты дәріс өтті

Шараға Семей колледжі мен Радиотехника және байланыс колледжі студенттері қатысты. Жастар назарына тұлғаның Қазақстанның дамуына қосқан үлесі, өмірбаяны мен ғылыми, әдеби шығармашылығы жайлы деректер ұсынылды.

Әуезовтің «Жас тұлпар» ұйымын құрушылардың алдыңғы қатарында болуы айтылды. Мұның өзі қайраткердің жастайынан халқына, туған тілінің тағдырына бей-жай қарай алмағандығын білдіреді.

Елге сіңірген еңбегі мен таланты үшін «Құрмет», «Парасат» ордендерінің «Алтын жүрек», «Алтын асық», «Алтын адам», «Тарлан» сыйлықтарының иегері атанды.

Тақырыптық дәріс соңында студенттерге арнап музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar