USD448.15EUR483.46RUB4.86

Автобустар электронды билет жүйесімен жабдықталған

24 қаңтар 2023, 10:10
2021 жылғы 20 қаңтардан бастап Семей қаласының қоғамдық көлігі үшін электрондық билеттеу жүйесі енгізілді. № 4, 5, 8 маршруттар 2022 жылдың 31 желтоқсанында қосылды.
Автобустар электронды билет жүйесімен жабдықталған

Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Н. Омаровтың айтуынша, қазіргі уақытта барлық автобустарда электронды билет жүйесі қолданылады.

- Барлық қалалық автобустар валидаторлармен, QR кодымен және жол ақысын төлеудің басқа тәсілдерімен жабдықталған. Электрондық билет жүйесі – бұл, ең алдымен, ашықтық және жолаушылар ағынын нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі, - деп түсіндірді басшының орынбасары.

Жол ақысы көлік карталарымен және "Аvtobys" мобильді қосымшасы арқылы төленеді, жол ақысын қолма-қол төлейтін жолаушыларға билет беріледі.

Тарифке байланысты карталардың 4 түрі бар:

1) азаматтардың барлық санаттары үшін стандартты (көк, тариф - 80 теңге);

2) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп (жасыл, тариф - 40 теңге);

3) 70 жастан асқан зейнеткерлерге жеңілдікті (ашық сары, тариф - 40 теңге);

4) әлеуметтік (қызғылт сары, тариф - тегін), ҰОС ардагерлеріне, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған.

"Avtobys" мобильді қосымшасын "Play Market" және "App Store" дүкендері арқылы тегін орнатуға болады. "Avtobys" қосымшасы арқылы жолаушы сапарға QR–код және "Bluetooth" арқылы ақы төлей алады, көлік картасын байлай алады, өзінің барлық сапарларын (маршрут нөмірін, автобус нөмірін, билет нөмірін, сапар уақытын, тарифін көрсете отырып) көре алады, ЭСОП қолдау қызметіне хабарласа алады.

Біржолғы жол жүру құны қолма-қол ақшасыз төлем кезінде - 80 теңгені, қолма-қол төлем кезінде - 140 теңгені құрайды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar