USD444.32EUR473.33RUB4.76

Нұрбол Нұрсағатов Жиенәлі ауылдық округіне барды

23 қаңтар 2023, 15:08
Семей қаласының әкімі жұмыс сапарымен Жиенәлі ауылдық округіне барды, оған 2 елді мекен - Бөкенші және Маралды кіреді. Бұл кенттерде 820 адам тұрады, үйлердің саны - 189.
Нұрбол Нұрсағатов Жиенәлі ауылдық округіне барды

Бірінші кезекте, әкім жергілікті мектепке барды, ағымдағы жылы мұнда терезелерді ауыстырумен күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

Содан кейін Нұрбол Нұрсағатов осы ауылдық округтің тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары хабарлағандай, олар үшін негізгі проблема - жайылымдардың жетіспеушілігі. Әкім жайылым алаңын ұлғайту мүмкіндіктері ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп қаралатынын айтты.

Семей әкімі ағымдағы жылы Бөкенші ауылында көшелерді жарықтандыру, қар ұстайтын қоршаулар салу, воркаут алаңын жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін, сондай-ақ Маралды ауылына кіре берістегі жол кеңейтілетінін айтты.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar