USD502.47EUR525.83RUB5.68

Қала әкімі Восход және Водный кенттерінің тұрғындарымен кездесу өткізді

20 қаңтар 2023, 10:31
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Восход және Водный кенттерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында белсенді тұрғындар қала басшысына өздерін толғандыратын сұрақтар қойды.
Қала әкімі Восход және Водный кенттерінің тұрғындарымен кездесу өткізді

- Водный кенті ең көп тұрғын үйлер орналасқан массив. Сондықтан бізде жаңа мектеп қашан салынады?

- 2023 жылы кентте 600 оқушыға арналған мектеп құрылысы басталады. Қаржыландыру "Самұрық-Қазына" АҚ қорынан жүргізілетін болады", - деп жауап берді әкім.

Кездесуге қатысушылар Восход және Водный ауылдарындағы ауыз су мәселесі туралы айтты.

"2023 жылы су құбырының құрылысы басталады, алайда бұл көп уақытты қажет ететін ауқымды жұмыстар", - деп жауап берді Нұрбол Нұрсағатов.

Жарықтандыру мәселелері бойынша қала әкімі ағымдағы жылы кенттерде 100 көшеде жарықтандыру жүргізілетінін атап өтті.

«Алайда, бірінші кезекте біз мектептер мен әлеуметтік нысандар маңында жарықтандыру жүргіземіз».

Айта кетейік, қазіргі уақытта Нұрбол Нұрсағатов күн сайын тұрғын үй массивтері мен кенттердің тұрғындарымен тоқсандық кездесулер өткізуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar