USD451.71EUR491.64RUB5.86

2023 жылы Семейде қандай жолдар жөнделеді?

11 қаңтар 2023, 11:28
Семей қаласының ішінде 2023 жылға автомобиль жолдарын орташа жөндеуге жалпы ұзындығы 55 км көзделген.
2023 жылы Семейде қандай жолдар жөнделеді?

Көшелерді кеңейту бойынша 4 жоба әзірленуде, оның ішінде:

Қаржаубайұлы көшесін Жангелдин көшесінен Энергетик кентіне бұрылысқа дейін кеңейту бойынша күрделі жөндеу;

Шугаев көшесін Құтжанов көшесінен Кабылбаев көшесіне дейін кеңейту бойынша күрделі жөндеу;

Шәкәрім даңғылын Дулатов көшесінен Жамақаев көшесіне дейін кеңейту бойынша күрделі жөндеу;

Құтжанов көшесін Шугаев көшесінен Гагарин көшесіне дейін кеңейту бойынша күрделі жөндеу.

Сонымен қатар, қала шегінде жалпы ұзындығы 4 км болатын тротуарлар күрделі жөндеуден өтеді.

2023 жылы жалпы ұзындығы 13 км 5 ауылға кірме жолдарды орташа жөндеуді жүзеге асыру жоспарлануда.

Жөндеуге жататын жолдар:

- Қыземшек ауылына кірме жол;

- Ақтөбе ауылына кірме жол;

- Верхнее-Березовский ауылына кіреберіс жол;

- Жарқын ауылына кірме жол;

- Шаған ауылына кірме жол.

"Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша Көкентау ауылдық округінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу жоспарланған.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

27 наурыз 2023, 13:08
22 наурыз 2023, 15:11
22 наурыз 2023, 15:06
21 наурыз 2023, 14:16
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2023
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar