
Бүгінгі таңда комиссияның қарауына 35 өтінім келіп түсті, оның ішінде "Кәсіпорынның, іргелес аумақтарды ұйымдастырудың үздік жаңа жылдық қасбетін безендіру" номинациясы бойынша - 20, "Тұтыну нарығы объектілерінің (сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер) қасбеттері мен іргелес аумақтарын үздік жаңа жылдық безендіру" - 12, "Көппәтерлі үйлердің аула аумағын Үздік жаңа жылдық безендіру" - 3.
Конкурстық қазылар алқасының мүшелері барлық нысандарды аралап шықты, жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталатын болады.
Комиссия құрамына мәслихат депутаттары, дизайнерлер, қоғам қайраткерлері және Семей қаласы әкімдігінің қызметкерлері кірді.
Алдағы күндері үздік жаңа жылдық безендіру авторларын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов марапаттайды.