
Мерекелік кеште жеткіншектер алдымен өздерінің өнерлерін көрсетіп, әзірлеген концерттік бағдарламаны тарту етті. Ән шырқап, би билеп, күй шертті. Ары қарай Аяз ата мен Ақшақар өткізген «Кейіпкерді ата», «Мультфильмді ата», «Мультфильм қос кейіпкері», «Қолтырауын», «Егіздер», «Акробаттар» деп аталатын ойындарға қатысып, тапқырлықтары мен ойларының ұшқырлығын паш етті.
Мерекелік шара соңында жеткіншектерге музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.