
Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік осал отбасылардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтарды жеткізу бойынша эстафета өткізді. Шараның басты мақсаты - балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Мерекелік эстафетаның салтанатты ашылуы орталық алаңда өтті, онда 20 аяз ата мен ақшақар қаланың жас тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтау үшін түрлі мекенжайларға барды. Жалпы саны 2000 бала Аяз ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтар алды. Сонымен қатар, балаларға театрландырылған қойылмадар қойып ерекше қуаныш сыйлады.
Айта кетейік, бұл қайырымдылық акциясы Семей қаласы әкімдігінің бастамасы бойынша АӘК алушылары болып табылатын көп балалы, аз қамтылған, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың 3-6 жас аралығындағы балаларға таратылды.