
Пилоттық жобалар мен апробацияның мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы озық тәжірибені мектепке дейінгі ұйымдар тәжірибесіне енгізу, педагогтердің жүктемесін азайту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың пилоттық топтарында пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құрылды, топта күні бойы жұмыс істейтін екі тәрбиешінің күн тәртібі жасалды.
Пилоттық жобаға қатысқан топтардың ата-аналары арасында сауалнамалар жүргізіліп, облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы пилоттық жоба қатысушыларына әдістемелік көмек көрсетеді.