
Зерттеу нәтижелері бойынша, бірнеше үйде жылумен қамтамасыз ету проблемалары анықталды.
Қалалық жылу көздерінен Қарағайлы шағын ауданына жылу 75-80 градуста беріледі.
Алайда пәтерлердегі батареяларда жылу температурасы 45-50 градус.
Жылыту қуатының төмендеуі үйлердің жылу пункттерінде (жертөлелерде) орын алуы мүмкін. Дәл қазір мамандар жертөледегі ақауларды анықтауда.
Сонымен қатар, үйлерді салған мердігер компания мен жылу инспекция мамандары жылу жүйесін ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.