Байқауды Абай облысы Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен "Семей қаласының саңырау азаматтарына арналған клуб" КМҚК ұйымдастырды.
Бұл байқаудың мақсаты - хореографиялық (би) шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау.
Байқаудың бас жүлдесін балалар мен жастар шығармашылығы сарайының үлгілі "Манго" би студиясы "Аңыз"стильдендірілген қазақ биі үшін алды.
"Ең үздік би жетекшілігі" номинациясында би ұжымының үздік жетекшісі ретінде А. М. Самарғалиеваға диплом және конкурстың логотипі бар мүсінше табыс етілді.
Сондай-ақ, Бородулиха ауылының шығармашылық үйінің "Айналайын" би тобы "Балдәурен" республикалық сауықтыру лагеріне "Бурабайға" жиырма күнге бару-көтермелеу жүлдесімен марапатталды.