
"Қаланы безендіру мақсатында тақырыптық безендіру, маңдайшаларды жаңарту, түнгі жарықтандыруды қосу, ағаштарға жарық қондырғыларын орнату, іргелес аумақты абаттандыру ұсынылады", — деп атап өтті әкімдік.⠀
Конкурс 1-21 желтоқсан аралығында келесі номинациялар бойынша өтеді:⠀
Кәсіпорынның (ұйымның) қасбеті мен іргелес аумағын үздік жаңа жылдық безендіру
Тұтыну нарығы объектілерінің қасбеттері мен іргелес аумақтарын (сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер) үздік жаңа жылдық безендіру
Көп пәтерлі үйлердің аула аумағын үздік жаңа жылдық безендіру⠀
Конкурсқа кез келген меншік нысанындағы заңды тұлғалар, ЖК, бюджеттік ұйымдар және қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Ең бастысы, өтінімдер 11 желтоқсанға дейін берілуі керек.⠀
Қатысуға өтінімдер Абай көшесі, 97 мекенжайы бойынша Семей қаласының мәдениет бөліміне немесе поштаға қабылданады: cbs_semey@mail.ru, +7 (7222) 56-08-10.