Қаланың оң жағалауында орналасқан Бегалин көшесінің қиылысынан бастап Челюскинцев көшесінен Силин көшесіне дейінгі бөлігінде тұрғындардың демалуына және бос уақытына арналған саябақ аймағын орнату жоспарлануда.
Ауданы 0,2 га аумақта тротуар плиталарынан жаяу жүргіншілер жолдарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мұнда балалар ойын алаңдары орнатылып, жарық түсіріліп, ағаш отырғызылады.
Бұл аймақ бұрын қоқыс пен ағаш кесінділеріне толы болған. Жұмыс ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.