"Бүгінгі күні Восход және Водный кенттерінде су құбыры желілерінің құрылысын жүргізетін мердігер анықталды. Жұмысты көктемде ауа райы қолайлы болған соң бастауды жоспарлап отырмыз", - деді қала әкімі.
Бұдан басқа, аталған кенттерді көше жарығымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жоспарланған. 2023-2024 жылдарға арналған жоспарға Восточный кентіндегі 18 көшені, Водный кентіндегі 19 көшені, Восход кентіндегі 9 көшені жарықтандыру енгізілген.
Сондай-ақ, Водный және Восход ауылында орнатылған ойын алаңдарының сапасы қатаң бақыланатын болады.
"Водный және Восход ауылдарында орнатылған балалар ойын алаңдарын салу сапасы туралы ескертулер бар. Мәселе заң аясында шешіліп, орындаушылардан барлық кемшіліктерді жоюды талап етеміз", - деді Нұрбол Нұрсағатов.