Нұрбол Нұрсағатов қала тұрғындарын алаңдататын жалпы қалалық мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті: жарықтандыру, жолдардың жай-күйі, жылыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоқыс шығару, қоғамдық көлік қозғалысы.
Тұрғындардың шағымдарын тыңдап, әкім айтылған мәселелер негізінде жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасы аясында қала шетінде орналасқан елді мекендерде әкімдік пен халық арасындағы байланысты арттыру үшін қала әкімінің өкілдері жұмыс істейтін болады. Осы мәселе бойынша қазіргі уақытта кандидаттар қаралуда.
Қала әкімі жалпы кездесуден кейін Восход, Водный және Восточный кенттерінің тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді
Әкім тұрғындардың шағымдарын тыңдап, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.