USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жұмыс сапарымен Дальний, Северный, Красный кордон аудандарына барды

20 қазан 2022, 15:37
Жұмыс сапары барысында Нұрбол Нұрсағатов қаладағы арық желісін қайта құру жобасын әзірлеуді, бұрынғы аяқ киім фабрикасы ауданындағы кәріздің техникалық жай-күйіне зерттеу жүргізуді тапсырды.
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жұмыс сапарымен Дальний, Северный, Красный кордон аудандарына барды

Сонымен қатар, әкім Красный кордон ауданындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының жер асты суларына гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, қаланың арық жүйесін күтіп ұстау және тазарту жөніндегі коммуналдық қызметтердің жұмысын күшейту және бақылау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, қала әкімі Северный және Дальний аудандарының негізгі көшелерінде көше жарығын орнатуға сметалық есептер дайындауды тапсырды.

Красный кордон және Энергетик шағын аудандарында балалар ойын алаңдарын орнату бойынша орындалатын жұмыстардың сапасы жөнінде ескертулер жасап, Нұрбол Нұрсағатов бөлім басшысына мердігер ұйымдардың жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar