
Төтенше жағдайлар министрлігі биыл 27 жылдығын атап өтуде. Статистикаға сәйкес, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күн сайын 150-ге жуық адамның өмірін сақтап қалады.
Биыл министрлік жүйесінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті құрылды. Департаменттің штат саны - 965 бірлік.
«Департаменттің жақында құрылғанына қарамастан, ол күрделі және ірі өрттердің, авариялардың, техногендік және табиғи сипаттағы апаттардың алдын алу мен жоюда өзінің тиімділігі мен жеделдігін бірнеше рет дәлелдеді. 3 айдың ішінде Департамент бөлімшелері төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1100-ден астам шұғыл шақыртуға шықты. Оның 160-тан астамы орман және дала өрттері. Департамент құтқарушылары 21 адамға көмек көрсетіп, құтқарды, түрлі ТЖ аймақтарынан 200-ден астам адам эвакуацияланды», - деп айтты Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов.