USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қаладағы аспалы көпірге – 22 жыл

18 қазан 2022, 11:01
Семей қаласындағы аспалы көпір 2000 ж. 17 қазанында салынған. Ертіс өзені арқылы өтетін көпір жобасын жапондық «Исикавадзима-Харима Хеви Индастриз Компани» компаниясы ұсынған.
Қаладағы аспалы көпірге – 22 жыл

Мұндай көпірлер тек АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінде ғана салынған.

Семей қаласының мақтанышы саналатын аспалы көпір ТМД мемлекеттерінің ішінде жалғыз, ал әлем бойынша көлемі жөнінен 17-ші орынды иеленеді.

Аспалы көпір – қала өңірінің оң жағы мен сол жағын байланыстыратын теңдесі жоқ құрылыс нысаны.

Бұл көпірден күніне 60-80 мыңнан астам көлік қаланың ана бөлігінен мына бөлігіне жүйткіп өтеді.

Жаңа көпірдің құрылысы туралы шешім Үкімет қаулысымен 1998 жылы қаңтар айының 24-ші жұлдызында қабылданған.

Көпір жер сілкінісіне төзімді етіліп жасалған. Көпірдің кеңістіктегі ұзындығы – 750 метр, ал жалпы ұзындығы – 1086 метр. Ені – 35 метр, биіктігі – 90 метр.

Түркияның «Алсим Аларко» фирмасы көпірге келіп тоғысатын 16 шақырымдық жол торабымен айналысқан. Ал оған қатынаған жұмысшылардың 90 пайызынан астамы жергілікті тұрғындар болған.

Көпірдің басқа көпірлерден бірден бір ерекшелігі — жол бетіне табиғи асфальт төселгендігі. Табиғи алфальт өте берік және ауыр жүкті транспорттарға төзімді келеді. Мамандардың айтуынша, асфальт Кариб бассейніндегі Тринидад көлінен арнайы тапсырыспен әкелінген екен.

Жоспар бойынша, көпірдің құрылысы толығымен 42 ай ішінде салынып бітуі керек болған, алайда құрылыс нысаны мерзімінен бұрын аяқталып 2000 жылдың 17 қазанында пайдалануға берілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar