Қаладағы тұрғын үйлерде 675 жеделсаты бар. Олардың 395-і қолдану мерзімінен (25 жыл) асып кеткен. Сондай-ақ 47 тұрғын үйде жеделсаты мүлдем істемейді.
Осыған байланысты көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы әзірленді. Аталған бағдарлама бойынша пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың иелері мемлекет көмегінің арқасында жеделсатыларды ауыстыра алады.
Яғни, мемлекет тарапынан құны төленген соң, тұрғындар ортақ мүліктегі үлесіне сәйкес 7 жыл ішінде қаражатты қайтаратын болады.
Жеделсатыларды ауыстыру үшін тұрғындарға:
- Бағдарламаға қатысуға өтінім беру;
- Ақау туралы акт хаттамасын, коммерциялық ұсыныс және әрбір пәтерге төлем кестесін бекітіп, тұрғындар мен лифт жабдығын жеткізуші арасынан бастамашыл топ мүшелерін таңдау;
- «Семей тұрғын үй» КММ басқару органымен, операторымен және жеделсаты жабдығын жеткізушімен лифтті ауыстыру туралы шарт жасасу қажет;
Тұрмысы төмен азаматтарға жергілікті бюджет есебінен тұрғын үйді күтіп ұстауға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі. Ол үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін тұрғындар Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне және тұрғын үй инспекциясына хабарласа алады.