Бүгінде Шәйжүнісов көшесінен 6-шы желі көшесіне дейін ұзындығы 2,8 шақырым болатын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жолды кеңейту және айналма автожолды асфальттау бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ автобустың аялдама орындары мен тротуарлар, су өткізу құбырлары қайта жабдықталды.
Жол белгілері орнатылып, арнайы жолақтар сызылды.
Жақын арада көше шамдарын орнату, жаяу жүргіншілерге арналған кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Автокөлік қозғалысы үшін көше ашық.