USD474.83EUR515.38RUB5.5

Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары аяқталды

14 қазан 2022, 09:50
Осы жылдың маусым айынан бастап Шәкәрім даңғылындағы қаланың орталық бөлігінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған болатын.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары аяқталды

Қазіргі уақытта көппәтерлі тұрғын үйлердің 14 қасбеті бойынша жұмыстар аяқталды.

Қасбеттерді бояу үшін қасбет, акрил, күңгірт бояу таңдалды.

Эскизді кәсіби урбанист сәулетшілер жасаған.

Барлық орындалған жұмыстарға кепілдік мерзімі бар және қандай да бір ескертулер болған жағдайда мердігерлер оларды жоюға міндетті.

Ақша қаражатын бөлу кезінде 2023 жылы 18 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу жоспарланған. Бұл үйлер Қ.Мұхамедханов, Б. Момышұлы, Найманбаев, Мәңгілік Ел көшелерінде орналасқан.

Айта кету керек, қала тұрғындары біздің қаламыздағы бұл үрдіске оң жауап береді.

Сонымен қатар, тұрғын үй инспекциясы бөліміне күн сайын үй иелері жүгінеді: қазірдің өзінде 33 көппәтерлі үй өз үйлерінің қасбетін жөндеуді сұрап өтініш жазды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar