Кирпичный кентінде әкім орталық жылумен жабдықтауды жүргізу бойынша есептер дайындауды және ұсыныстар енгізуді, стихиялық полигондардан қоқыс шығаруды ұйымдастыру, балалар ойын алаңдарын салуға қолданылатын материалдардың сапасын бақылауды тапсырды.
Сонымен қатар, қала басшысы 9-Кірпіш мекенжайында жол жөндеу және жарықтандыру орнату мәселесін пысықтауды тапсырды.
Холодный ключ кентінде Нұрбол Нұрсағатов көппәтерлі тұрғын үйлер үшін жылу энергиясын тұтыну есептерін дайындау, зираттар ауданындағы көпірдің негізін нығайту, аумақты санитарлық тазарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді, сондай-ақ ол Жоламан кентіндегі апатты және тозығы жеткен үй құрылыстары бойынша ақпарат беруді тапсырды.