Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатов жұмыс сапарымен Восточный, Водный және Восход кенттерінде болып, су құбыры желілері мен балалар алаңдары құрылысының барысымен танысты.
Восточный кентінде бүгінгі күні мектепті сумен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар аяқталды, сондай-ақ желілермен қамтамасыз етілді және ағымдағы жылы Қошкинбаев көшесінің (12-ші көшеден жаңа мектепке дейін), Дачная көшесінің, Өскемен көшесінің, 17-ші көшенің және 18-ші көшенің 255 үйі қосылатын болады.
Өз кезегінде, желілерді салу және абаттандыру, атап айтқанда, балалар алаңдары мен футбол алаңдарын салу жұмыстары Водный және Восход кентінде жүргізілуде.
Тексеру қорытындысы бойынша Нұрбол Нұрсағатов мердігерлерге құрылыс мерзімдерін бұзғаны үшін және жұмыстардың тиісінше орындалмағаны үшін бірқатар ескертулер жасады.