USD474.83EUR515.38RUB5.5

«Әуезов әлемі» фестивалі өтті

07 қазан 2022, 14:51
Алаш астанасы Семей қаласында республикалық «Әуезов әлемі» фестивалі өтті.
«Әуезов әлемі» фестивалі өтті

2022 жылдың 5-7 қазан күндері аралығында Абай облысының «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК базасында Семей мұғалімдер семинариясының түлегі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, классик жазушы М.О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған республикалық «ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ» атты танымдық-шығармашылық фестивалі басталды.

Фестиваль аясында республикалық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы мен Абай театрында «Ұлылыққа тағзым» атты салтанатты кеш және «Шыңғыстау – тағзым етер нұр тұрағым!» атты ұлылар еліне сапарнама ұйымдастырылады.

Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, педагогикалық және гуманитарлық колледждердің директорлары, оқытушылары мен білім алушылары қатысуда.

Айта кетейік, республикалық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауына еліміздің 18 аймағынан 20 білім алушы бақ сынауда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar