USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде қылмыскер-гастролерлер ұсталды

28 қыркүйек 2022, 15:07
Атыраудан келген қылмыстық жұп өңірлерде зергерлік дүкендерде ұрлық жасаған. Олардың қатарында Алматы, Шымкент, Талдықорған, Аягөз және Семей қалалары бар.
Семейде қылмыскер-гастролерлер ұсталды

Полиция қызметкерлері бүкіл республика бойынша жұмыс істеп жатқан гастролер-ұрылардың «ізін суытпай» ұстады.

Семей қаласы полиция басқармасының "102" жедел каналына қаладағы зергерлік дүкендердің бірінің директоры жүгінді. Ол белгісіз әйел сөреден құны 147 000 теңге тұратын алтын тізбекті жасырын ұрлап кеткенін хабарлады.

Оқиға орнына дереу барған жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, сондай-ақ дүкен сатушыларына сауалнама жүргізіліп, бақылау камераларынан видео алынды. Видеоны қарап шыққан тәртіп сақшылары қаскүнемдер "ВАЗ" маркалы автокөлікпен жүргендерін анықтады.  "Ұстап алу" жоспары бойынша екі көпір де жабылды, нәтижесінде қылмыстық жұп  ұсталды.

Тергеу барысында полицейлер бұлар Атырау қаласының тұрғындары екенін анықтады. Жинақталған схема бойынша олар Алматы, Шымкент, Талдықорған, Аягөз және Семей сияқты ірі қалалар бойынша осындай қылмыс жасаған.

- Қылмыстық топта әркімнің рөлі анықталды. 34 жастағы әйел зергерлік дүкендерге барып, онда аңыз бойынша сатушыға ол анасына сыйлық іздеп жүргенін айтады. Сатушы сәл алдаңдаған сәтте, алтын бұйымды сөмкесіне салып, күтіп тұрған серіктесімен бірден жасырынады. Облыс аумағында күдіктілер 7 ұрлық жасаған, оның 2-уі Аягөз ауданында. Келтірілген зиянның жалпы сомасы 4 млн. теңгеден асты. Ұрланған алтынның бір бөлігін ломбардқа өткізгендері анықталды. Қазіргі уақытта Абай облысының жедел қызметкерлері басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде,  – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Осы баптың санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar