
№ 4 арнайы мектеп-интернатының директоры ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған спорт бойынша бас жаттықтырушы Арай Солтабаев хабарлағандай, спартакиада Халықаралық саңыраулар күніне орайластырылған.
- Бүгінгі спартакиада "Қазақстандық саңыраулар қоғамының" 85 жылдығына, сондай-ақ есту қабілеті бұзылған адамдардың Халықаралық күніне арналған. Спартакиадаға сондай-ақ көру қабілеті нашар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған адамдар қатысады. Спартакиада бағдарламасында футбол, жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, армрестлинг бар. Жарысқа 100-ге жуық спортшы қатысады. Сондай-ақ, жарысқа special санатындағы спортшылар қатысады. Спортшылар Өскеменнен, Жарма ауданынан келді, Семей спортшылары да қатысуда, - деп атап өтті Арай Солтабаев.
Жеңімпаз командаларға Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұсынған кубоктар мен грамоталар табыс етілді.