USD448.15EUR483.46RUB4.86

22 қыркүйекте Семейде су өшіріледі

22 қыркүйек 2022, 11:18
Қалада су құбыры желілері жуылады.
22 қыркүйекте Семейде су өшіріледі

"Семей Водоканал" МКК 2022 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 20.00-ден таңғы сағат 6.00-ге дейін су құбыры құрылыстары мен желілерін бір мезетте жуу және дезинфекциялауға байланысты қаланың оң жақ және сол жақ жағалау бөліктеріне ауыз су беру уақытша тоқтатылатынын ескертті.

Көрсетілген кезеңде құбырларда су болған жағдайда, суды пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Қала тұрғындарын, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын тәуліктік су қорын қамтамасыз етіп және қалыпты жұмыс пен өрт сөндіру үшін барлық шараларды қабылдауды өтінді.

"Семей Водоканал" МКК әкімшілігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

ФОТО: riamobalashiha.ru

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar