
Балаларды қолдауға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев та келді.
Турнирге 2013-2014 жылдары туған жас футболшылар қатысты. Олар «Семей» футбол орталығы мен қаланың жеке меншік футбол мектептерінің тәрбиеленушілері.
Сегіз командадан тұратын кішкентай спортшылар кубоктар, медальдар және естелік сыйлықтар үшін таласты.
Турнирдің шақырылған қонағы - Қазақстан футболының жұлдызы, Семей футболының аты аңызға айналған тәрбиеленушісі - Самат Смақов.
Бұл турнир – алдағы уақытта Семей футболын күтетін ауқымды футбол өзгерістерінің маңызды бөлігі.