USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және сақтау тарифтері мәселесі шешілді

15 қыркүйек 2022, 10:02
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Абай облысы кәсіпкерлерінің Қазақстанның бизнес-омбудсменімен мамыр айындағы кездесуінде көтерілген кезекті оң шешімін тапқан мәселе туралы хабарлайды.
Семейде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және сақтау тарифтері мәселесі шешілді

Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, Семейде ҚТҚ сұрыптау және сақтау тарифтері 7 жыл бойы – "Атамекен"өкілдері іске кіріскенге дейін өзгерген жоқ.

Ағымдағы жылдың көктемінде ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновтың Абай облысының бизнес-қоғамдастығымен кездесуі барысында 16 проблемалық мәселе айтылды. Бизнес-омбудсменнің тапсырмасы бойынша осы мәселелерді шешумен ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы және "Атамекен" ҰКП Абай саласындағы өкілдігі айналысады.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, ШҚО кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілі Әлия Мұқашева қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаумен және сақтаумен айналысатын жеке кәсіпкер Рафаил Хазиповтың мәселесі қалай шешілгенін айтып берді.

Мәселен, Рустам Жүрсіновпен кездесуде бизнесмен депутаттардың және жергілікті атқарушы органның атына бірнеше рет сұрау салғанына қарамастан, оның қызметтеріне арналған тариф Семей қаласында 7 жыл бойы өзгермегенін айтты.

"Әкімдіктің Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің тарифтерді белгілеу бөлігіндегі талаптарын орындамауы осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің қалыпты жұмыс істей алмауына алып келді. Осының бәрі қала тұрғындарының наразылығына байланысты болды", – дейді Әлия Мұқашева.

2021 жылғы қазанда ЖК Хазипов пен жергілікті атқарушы орган арасында ҚТҚ-ны сұрыптау мен сақтауға жаңа тарифтерді қайта қарау және белгілеу міндеттемесімен медиативтік келісім жасалды. Алайда, жеті айдан кейін келісім шарттарын әкімдік орындамады, сондықтан кәсіпкер бизнес-омбудсмен мен "Атамекеннен"осы мәселені шешуге көмек сұрады.

ҰКП Абай саласындағы өкілдігі мен ШҚО-дағы бизнес-омбудсмен өкілі жүргізген белгілі бір жұмыстан кейін мәселе "Хазипов" ЖК пайдасына шешілді.

Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясында жаңа, барабар тарифтер бекітілді, олармен Семей кәсіпкерлері қайтадан шығынсыз жұмыс істей алады.

"Бүгін біз қоқыс сұрыптайтын компаниялардың жұмысы жақсарғанын көріп отырмыз және Семей тұрғындары бұдан былай қоқыс шығару мәселелеріне тап болмайды деп үміттенеміз. Біздің өңірде қазірдің өзінде экологиялық проблемалар жеткілікті, оларды шұғыл шешу қажет және олардың одан да көп болуына жол беруге болмайды", – деп түйіндеді Әлия Мұқашева.

Құрметті кәсіпкерлер, мемлекеттік органдармен жанжал туындаған жағдайда құқықтық қолдау алу үшін ШҚО Кәсіпкерлер палатасына 8 (7232) 742-103 телефоны бойынша, "Атамекен" ҰКП Абай облысы бойынша өкілдігіне 8 (7222) 425-744 телефоны бойынша хабарласыңыз.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar