
Құрамында Исмаил Мухамедьяров, Жантолы Мұратқалиев сынды зияткер оқушылар бар жас құлтеміршілер бұл мәртебеге Нұр-Сұлтан қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында лайық деп танылды.
- Аты оқу-жаттығу жиыны болғанымен, заты кәдімгі жарыстан кем емес шараға республикамыздың ең үздік деген робот құрастырушылары жиналды. Исмаил мен Жантолы 4 күн бойы түрлі тапсырмаларды орындап, өз шеберліктері мен ұтқырлықтарын қазылар алдында дәлелдей білді. Нәтижесінде жүлделі ІІ орын алып, әлемдік деңгейде бақ сынау мүмкіндігі беріліп отыр, -дейді “SGMZ” командасының жаттықтырушысы, пән мұғалімі Бақытбек Орынбаев.
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі