USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде Tartyl Fest республикалық спорт фестивалі өтеді

02 қыркүйек 2022, 17:16
3 қыркүйекте Семей қаласында Tartyl Fest турникте тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметі.
Семейде Tartyl Fest республикалық спорт фестивалі өтеді

Tartyl Fest Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Дара " Таланттарды қолдау қоры" ҚҚ қолдауымен Қазақстанда өткізіледі.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, тіркеу, өлшеу және нөмірлерді беру "Арена" МКСК-де 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді. Фестивальдің ресми ашылуы сағат 14:00-де басталады.

Фестиваль 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында өтеді.

Қазақстандықтар ақшалай жүлделердің ұтыс ойынына қатыса алады.

"Фестивальге қатысушы барлық 20 қала үшін ережелер бірдей: дұрыс және барынша тартымды. Қатысушылар салмағы мен жасына байланысты тоғыз санатта жарысады. Жарыс ресми төрешілер алқасының қатысуымен өтеді", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әр қалада 27 жеңімпаз таңдалады.

Әр қаланың жеңімпаздары (тоғыз санатта) Нұр-сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады.

Гранд-финалдың жүлде қоры 54 миллион теңгені құрайды.

Гранд-Финал чемпиондары Street workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.

ФОТО: sport-snaryazhenie.ru

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar