
«Бірінші қоңыраудың дыбысымен әрбір адамның жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Сіздерге білімдеріңізді жетілдіріп, жарқын жетістіктерге жетіп, жаңа белестерді бағындыруды тілеймін!»,- деп Абай облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов құттықтады.
Биыл бірінші сыныпқа Абай облысының 10280 баласы барады. Оқушы орындарының тапшылығын қысқарту мақсатында биыл 1700 орындық 4 мектеп ашылды, ал 2025 жылға қарай 5100 орындық 11 мектеп салу жоспарлануда.