Облыс әкімдігі құрылысшыларға келіп түскен бірқатар өтініштерді ескере отырып, дайындық кезеңінің механизмі туралы еске салуды жөн санады. Мысалы, әлеуметтік желіде қала тұрғындарының Семей аудандарының бірінде құрылыс салудың заңдылығын тексеруді сұраған шағымдарынан кейін, құрылыс алаңындағы жұмыстар рұқсат құжаттарынсыз басталғаны анықталды.
Жер учаскесінің иесіне барлық рұқсат құжаттарын алғанға дейін құрылыс жұмыстарын тоқтата тұру талап етілді.
Айта кетейік, рұқсат беру құжаттарын Egov порталы арқылы алуға болады.