USD474.83EUR515.38RUB5.5

29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні

30 тамыз 2022, 12:33
2022 жылғы 29 тамызда бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және жаһандық антиядролық қозғалыстың даму тарихында маңызды рөл атқарған оқиға – Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 31 жыл толды.
29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы осы полигонда атмосферада және жер астында ядролық сынақтар жүргізу кезеңінде табиғи ортаның радиоактивті ластануының ауқымы мен дәрежесін объективті бағалауға, сондай-ақ олардың полигонға іргелес аудандарда тұрған халықтың денсаулығына әсер ету дәрежесіне зор мән береді.

Тарихқа шолу. Семей ядролық полигоны 1947 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен құрылды. Алаң үш облыс — Семей, Павлодар және Қарағанды аумағында орналасқан.

Ядролық эксперименттер үшін 18 500 шаршы шақырым жер бөлінді — бұл Кипр мен Катардың аумағынан көп.

Полигонды құру АТОМ жобасының бір бөлігі болды және таңдау кейіннен өте сәтті болды — жер бедері жерасты ядролық жарылыстарын штольнялар мен ұңғымаларда өткізуге мүмкіндік берді.

Дала үстіндегі алғашқы ядролық саңырауқұлақ 1949 жылы 29 тамызда көтерілді. Бомбаның қуаты 22 килотонды құрады.

Сынақтардың шыңы 1960 жылдардың басында болды, бірнеше жыл ішінде мұнда 68 ядролық сынақ өткізілді. Ал алаң құрылған уақыттан бері Қазақстан жері 456 рет дүр сілкінді. Ел аумағында жарылған барлық ядролық бомбалардың жалпы қуаты 50 мегатоннадан асты.

Түсіну үшін: бұл 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есе асып түсті.

БҰҰ қаулысымен 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar