USD474.83EUR515.38RUB5.5

«Ата Заң – Азат елдің негізі» кітап көрмесі

30 тамыз 2022, 11:09
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Абай атындағы кітапханада «Ата Заң – Азат елдің негізі» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.
«Ата Заң – Азат елдің негізі» кітап көрмесі

Көрмеде Қазақ хандығы кезінен бастап Қазақстан халқының құқықтары, бостандығы мен міндеттерінің құрылу тарихын, Кеңес Одағының құрамына кірген Қазақ АССР Конституциясының және Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының барлық құқықтарын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы Конституцияның тарихын баяндайтын кітаптар және 2022 жылы Ата заң тармақтарына енгізілген өзгерістер жайында мерзімді басылымдар ұсынылды.

Көрме 25-31 тамыз аралығында жұмыс істейді.

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада Y-PEER білім беру халықаралық волонтерлік желісінің жас еріктілері үшін ҚР Конституциясы күніне арналған экспресс-трибуна өтті. Тыңдаушыларға "Жеті жарғы" алғашқы дала Конституциясынан бастап 1995 жылғы Конституцияға дейін Қазақстан аумағында негізгі Заңның қабылдану тарихы туралы ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында «Ата заң – алтын тірегім» тақырыптық дәріс өтті. Шараға “Шығыс” өңірлік әскери қолбасшылығы әскери қызметшілерінің балалары мен №8 балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar