
Шара барысында полигон ашылған күннен бастап ұйымдастырылған жарылыстар мен олардың тигізген зардаптары, сынақ алаңқайлары мен радияциямен уланған жердің аумағы жайлы ақпарат ұсынылды. Мұнымен қатар, полигонды жабу ісіндегі «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының үлесі, дүниежүзіндегі ядролық қаруды таратпау жолындағы Қазақстанның рөлі туралы айтылды.