Іс-шараға каратэшілер, жеңіл атлеттер, футболшылар және басқа да спортшылар қатысты.
Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бақытжан Егізбаев жеңімпаз командалар спорт бөлімінен бағалы сыйлықтар, медальдар мен грамоталар алатынын атап өтті.
Іс-шараға барлығы 200-ге жуық спортшы қатысты. Олар өз өнерлерін көрсетті, ұйымдар мен мекемелер командалары арасында футболдан қалалық турнир, жеңіл атлетикадан қала чемпионаты және т.б. басталды.