USD514.65EUR544.6RUB5.17

Бизнес пен биліктің ашық диалогы

11 тамыз 2022, 11:40
Ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына арналған жерлестер форумы өтті.
Бизнес пен биліктің ашық диалогы

Семейде, басқа қалалар мен елдерде бұрыннан тұрып жатқан, бірақ бұрынғысынша өзінің шағын отанын жақсы көретін және оның өркендеуіне үлес қосуға дайын бизнес өкілдері жиналды.

- Бүгін біз Абай күнін атап өтудеміз. Бұл ұлы ақын мен ойшылдың оның есімімен аталатын аймақ құрылғаннан кейінгі алғашқы құрметі. Сондықтан мереке есте қаларлықтай болғанын қалаймын. Бүгін форумға біздің жерлестеріміз - бұрынғы Семей облысы мен Семей қаласының тумалары жиналды, - деді өз сөзінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

- Шақыруымды қабыл алып, Ұлы Абай күні құрметіне, алғаш рет, бас қосқан баршаңызға, өмірлеріңіздің ең бір қимас шақтарын өткізген Туған жерлеріңізге, Өскен орталарыңызға - Ұлы Абай еліне қош келдіңіздер! Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер болмас» деген аталы сөз, бекерге айтылмаса керек. Сіздер қай жерде жүріп, қандай қызмет атқарсаңыз да «елім, жерім» - деп, ешкім міндет етпеген, туған жерге деген перзенттік парыздарыңызды, қолдан келер нақты іспен дәлелдеп жүрсіздер! Біз Сіздермен мақтанамыз, біз Сіздерді жас ұрпаққа үлгі етеміз. Бүгінгі бас қосудың да басты мақсаты осы.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar