USD514.65EUR544.6RUB5.17

ШҚО-да Құрбан айт мейрамы аталып өтті.

03 тамыз 2020, 09:36
Биыл Құрбан айт мейрамы 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне түсті.
ШҚО-да Құрбан айт мейрамы аталып өтті.

Коронавирус пандемиясына байланысты мейрам онлайн форматта өтті. ҚМБД құрбандықты онлайн шалу үшін Qurban2020.kz сайтын іске қосты. Облыстағы арнайы алаңдарда сайт арқылы құрбандыққа тапсырыс берушілердің малдары таңертеннен бері сойылуда.

Құрбандық шалу рәсімі фото мен видеоға түсіріліп, тапсырыс берушілерге есеп беріледі. Бұл орындарда барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Құрбан айтқа байланысты қабылдаған қаулысына сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің өкілдері мен полиция бөлімдерінің қызметкерлері базарлар мен автокөліктерді бақылауда ұстап отыр.

«Халифа Алтай» ШҚО мешітінің наиб имамы Қанат Дауылбаев, құрбандыққа шалынатын малды қандай критерийлер бойынша таңдау керектігін айтып берді.

– Құрбан айт мейрамында малдың төрт түрін құрбандыққа шалуға болады. Мәселен жастан асқан қойды союға рұқсат етіледі. Сондай-ақ екі жасқа толған ірі қара мен бес жастағы түйені құрбандыққа шалуға болады, - деді Қанат Дауылбаев.

Мысалы, Өскеменде құрбандық шалуға 50 тапсырыс түскен және 200-ден астам мұқтаж отбасылар өтініш қалдырған. Қасиетті күні волонтерлар мұқтаж жандарға мерекелік көңіл күй сыйлап, оларға құрбандыққа шалынған малдың етін жеткізіп беруде. Ал Семей өңірі бойынша 106 қой мен 10 ірі қара мал құрбандыққа шалынып, таратылды.

Айта кетейік, облыс аумағында құрбандық шалуға 672 адам өтініш білдірген. Оның ішінде 438-ін волонтерлар таратып берді.

ҚМДБ-ның ШҚО Өскемен өңірі бойынша бас имамы Ермек қажы Мұқатай шығысқазақстандықтарды мейраммен құттықтап, өңір тұрғындарын адам көп жерде жиналмауға шақырды.

– Барлық қазақстандықтарға жақсылық пен амандық тілеймін. Тәңірім, шалған құрбандарыңызбен дұғаларыңызды қабыл етсін. Биыл Құрбан айт каратин жағдайында өтуде. Алайда бұл бізге жақсылық жасауға кедергі келтірмейді. Мерекелік дұға жасалмаса да, біздің азаматтар онлайн режимде құрбандық шала алады. Карантин талаптарын сақтап, үйде отырыңыздар, - деді Ермек қажы Мұқатай.

ALTAYNEWS

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar