Семей мешіт имамдарының ұйымдастыруымен 1 жылда 1 мешіт жобасының аясында Дальный кентінде жаңа мешіт құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Қазірде жұмыс қызу жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып, халық қолданысына берілмек. Алла үйінің бой көтеруіне еріктілер, аудан халқы да жұмылдырылған. Олардың бірі Әлішер ЖАҚАЙБЕКОВ. Жас еріктінің айтуынша мешіттің құрылысына жәрдемдесу ол үшін үлкен бақыт.
Әлішер ЖАҚАЙБЕКОВ, ерікті
Бұл мешіттің салынып жатқандығы туралы маған танысым айтты. Кейін ерікті ретінде мешіттің құрылыс жұмыстарына көмектесуге бел байладым. Қазірде біз мешітпен медресе арасына баспалдақтарды даярлап жатырмыз. Мен үшін құрылыс жұмыстарына қол ұшымды созып жатқаным, іштей бір қуаныш әкеледі. Себебі, сауапты істі жасауға мүмкнідік туса, одан құр қалмау қажет.
50ге жуық қариларды құшақ жая қарсы алуға даярланып жатқан мешітте ілім қуған жастар тәрбиелене алады.
Естеріңізге сала кетейік, 1 жылда 1 мешіт жобасының аясында қаламыздың холодный ключь кенті мен 5 саяжайда мешіт жұмыстары аяқталған болатын. Бүгінде шаһар бойынша 2 бірдей мешіт құрылысы жүргізілуде.