USD523.58EUR549.71RUB5.01

Театр өнерінің аңыздарымен танысу

04 ақпан 2020, 09:13
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2020 жылдың 5 ақпанында сағат 15:00-де ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өнер саңлақтары» атты кеш және көрменің ашылуы өткізіледі.
Театр өнерінің аңыздарымен танысу

Шара мақсаты - өскелең ұрпаққа театр тарландары Күләш Сәкиева, Нүриден Атаханов, Халекет Ешмұратовтардың шығармашылығы мен өнегелі істерін насихаттау, рухани дүниелер арқылы оқушы жастарға тәлім-тәрбие беру. Бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы – Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында еңбек еткен артистердің өмір жолымен таныстыру.

Шараға театр тарландарының әріптестері мен ізбасарлары, замандастары, қаланың зиялы қауым өкілдері, студент жастар мен БАҚ өкілдері шақырылды.

Іс-шара барысында театр тарландарының болашақ ізбасарлары – Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищеде актер мамандығы бойынша білім алып жатқан жас өнерпаздардың әдеби композициясы ұсынылады, әр жылдардан сыр шертетін фотосуреттер көрсетіледі.

Мәдени шара «Өнер саңлақтары» көрмесіне ұласып, онда театр тарландарының өнерге келу тарихы, шығармашылық жолы туралы айтылып, өнер саңлақтарының фото-суреттері, сахналық киімдері мен жеке тұтынған заттары көрсетіледі. Көрмеге музей қорынан жалпы саны 107 жәдігер қойылды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar