USD474.83EUR515.38RUB5.5

Көне шаһар көркіне сай болса...

15 қаңтар 2020, 10:33
Елдің, жердің жағдайын, халқының әлеуметтік тұрмысын, рухының сөнбеуін, намысының мүжілмеуін ойлайтын ерлер елде көп.
Көне шаһар көркіне сай болса...

Олар үнемі ел алдына шығып, ақиқатын айтуда. Талай жылдардан бері биліктен қолдау күтіп, өз күнін өзі көріп келе жатқан Семей шаһарының бүгінгі жай-күйі Тәуелсіздік алғанына біршама уақыт болған, дербес мемлекеттің өмір сүру деңгейінен біраз төмен екендігі көңіл қынжылтады. Онымен қоса, Семей – ежелден келе жатқан Алаштың рухани астанасы, Абай, Мұхтар, Шәкәрімнің елі.

«Біз күткен бақыт» дегендей, жақында Президент Қaсым-Жомaрт Тоқaев Семей қaлaсын тарихи орталық деп белгілеуді тапсырды. Бұл турaлы мемлекет бaсшысының "Aбaй және ХХI ғaсырдaғы Қaзaқстaн" aтты мaқaлaсындa aйтылды. Биыл Aбaйдың 175 жылдығынa орaй хaлықaрaлық, республикaлық және aймaқтық деңгейде 500-ден aстaм iс-шaрa ұйымдaстырылaтыны жайында сөз болған. Тaмыз aйындa Семей қaлaсындa ЮНЕСКО-мен бiрлесiп өткiзiлетiн "Aбaй мұрaсы және әлемдiк рухaният" aтты хaлықaрaлық ғылыми-прaктикaлық конференция ең бaсты шaрaғa aйнaлaды. Осыған орай, Аманғазы Тілеубаевпен сұхбаттасып, бұл кісінің ой-пікірін білген едік.

- Аманғазы мырза, қош келдіңіз!

Жыл енді басталып жатыр. Сіздің ойыңызша 2019 жыл Семей халқы үшін несімен есте қалды, қандай жақсылықтар болды?

- 2019 жыл қала халқы үшін жақсы аяқталған жылдардың бірі болды. Бөліп айтатын болсақ, мәдениет саласында біраз ілгерлеу бар. Бүгінде көпшіліктің назарын аударып отырған, халық шоғырланып, қоныс тойларын тойлап жатқан,Қарағайлы ықшам ауданыбой көтерді. Ескі жыл сонысыменде есте қалды. Мұның өзі біршама алға жылжу деп білемін.Халықтың алға жылжуы байқалады, оларда өркениетке ұмтылыс бар. Адамдар қазір белсенді. Қалаға жақын ауылдарда малшарушылығы, егіншаруашылығы жақсы дамып келеді. Отандық өнімнің молдығы, азық-түліктің көптігі ол – жақсы. Осының барлығы – халықтың еңбегінің арқасында.  Қазір қала бюджетінің қалтасы қалыңдау. Бұрынғыдай облыс алып кетпейді. Сол себепті, қаланың көркеюі үшін, әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін жұмыс атқарылуы керек. Халық пайдасын көру керек деп ойлаймын.

Құрылысы басталғаннан екі жыл қатарынан елдің аузында «Абай арена» деп аталған спорт кешені ашылды. Алайда, ашылу салтанатында ешқандай ат берілмеді. Даниал Ахметовтың өзі бұл «Абай арена» болады деп,халықтың алдында айтқан болатын. Атауы құлаққа жатталып қалды және жағымды естіледі. Егер Абайдың аты берілмесе,  халықтың наразылығын тудыратыны анық.Салынып жатқан мешітке Абай атын береді деген сөз бар. Бұл мешіттің құрылысы ең ұзаққа созылған құрылыстардың бірі болды. Кезінде бұған біршама ақша жиналған. Б.Сапарбаевтың облыста әкім болып тұрған кезінде Өскеменге мешіт саламыз деп, барлық қаражатты алып кетті. Қазір мешіт құрылысын Тұрсын Тастекеев деген азамат жақсы қолға алып отыр. Менің өз пікірім: мешітке Абайдың әкесі Құнанбай қажының атын берсе. Құнанбай – қажыға барған адам, Меккенің басында қазақтарға үй салған адам. Сол заманда бір кісінің атақ, дәрежесін көтеру үшін «Бұл – Құнанбаймен араласқан адам» деп айтқан екен. Міне – ұлылық. Сондай адамға Семейде бір белгі жоқ.Тіпті көше аты да бұйырмапты.

- Aбaйдың 175 жылдығынa орaйПрезидент Қaсым-Жомaрт Тоқaев Семей қaлaсынa ерекше стaтус берудi тaпсырды. Бірақ осы ұсынысты ары қарай қолдап әкету жағы жеткіліксіз сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?

- Семейге статус беру туралы мәжіліс отырысында депутат, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдап, Семей қаласына ерекше мәртебе беруді сұрады.Бұл ұсыныс тосын болғанымен жақсылықтың нышаны деуге болады. Азат Перуашев – Семейге қатысы жоқ азамат. Семейден шыққан мәжіліс депутаты, не басқа бір азамат, бұл ұсынысты айтса, тіпті жақсылық болар еді. Мен өз басым қолдаймын. Халық құптайды. Ерте ме, кеш пе, Семейге бір статус берілуі керек. Егер Семей республикалық қала статусын алатын болса, қаланың маңындағы алтын кен орындары, Жезкент, Қаражыра сынды кен орындарынан түсетін салықтың бәрі қала қазынасына түсіп, өз әлеуеті бар қалалар қатарына кіретін еді. Қаламыз гүлденіп-ақ кетер еді. Енді осыған үлкен қолдау керек.

Менің есімде, 2009 жылы Семейге Елбасы келгенде бір жақсылықтың боларын айтып еді. Сол кездегі ақсақал, қазір марқұм боп кетті, Рысхан Мусин ағамыз «Семейдің де бір жағдайын жасап беріңіз, көмек жасаңыз» деп Елбасыға айтқан болатын. Сол кезде  Талдықорғанға Алматы облысы, Көкшетауға Ақмола облысы деген статустар беріліп жатты.Одан бері міне қаншама уақыт өтті.  Перуашевтың айтқаны дұрыс. Сондықтан, семейліктер Перуашевты қолдайтындарын білдіріп, қол жинап, үнімізді шығаруымыз керек,ел бар екендігін көрсетуіміз керек.Перуашев бұл мәселені мәжіліс отырысында көтеріп отыр. Ал, біздің Семейдің жергілікті мәслихаты, қоғамдық кеңес неге қарамайды? Неге қолдау білдірмейді?...

Жылдың қорытындысы ретінде қалалық әкімшілікте төсбелгі мен медальдарды көп адамдарға үлестірді. «Аспаннан киіз жауса да, құлға ұлтарақ тимейді» дегендей, солардың ішінде еңбектерін сіңірген біраз азаматтар ескерусіз қалып отыр. Осыған не айтасыз?

- Қандай дүниенің болмасын сұрауы бар. Сонай-ақ, медаль мен төсбелгіні де кімге беру керек, кімге бермеу керек, кім лайықты соның барлығын шешетін қоғамдық кеңес болуы керек. Ал, бізде қоғамдық кеңес осындай ұсыныс айтыпты, мынандай пікір білдіріпті дегенді естіген емеспін. Президент әкімшілігінің жанында қоғамдық кеңесбар ғой. Жақсы жұмыс жасайды. Өздерінің пікірлерін білдіріп жатады. Айта кететін тағы бір мәселе – жылда Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдар мүлде елеусіз, ескерусіз қалады. Оны түгендеп, сараптайтын ешкім жоқ. Семейде бірталай адамдар бар еңбегі сіңген осылар елеусіз қалады. Елдің наразы болатыны – осы. Төсбелгі бұдан кейін мереке болмайтындай, енді ешқандай марапат алмайтындай берілді. Маған кімге берілу керек десе, осы Семейде ұзақ жылдар әкім болған Бутин деген азамат болған, Семейдің ең қиын саласы, жылу мәселесі коммуникация мәселесі, қаланың әрбір құдығына дейін білетін Исмайлов Орынғали – қала әкімінің орынбасары, Бекен Теміров– қала әкімінің орынбасары, міне, осындай азаматтар алу керек болатын. Қаланың көркеюуіне көп еңбек сіңірген Қасенов Амангелді деген азаматқа бірінші кезекте  берілуі-ақ керек еді. Олар маған ешкімде емес, мен көзіммен көрген дүниемді, лайықты азаматтарды атап,айтып отырмын. Әділдік қайда? Шындық қайда?

Кеше ғана еңбек жолын бастап, бизнесмен деген атақ алған жас балаларға беріп жатыр. Міне, осыдан барып, мемлекеттік марапаттың  құны кетеді. Тарбағатай ауданында мынандай жағдай болған. Тарбағатай ауданындаДілдәбек Оразбаев деген азамат әкім боп отырғанда бір жылы отыз шақты адамға  «Құрметті азамат» деген атақ береді. Ал сол уақытқа дейін бір жылда 2-3 адамға ғана беріліп келген. Содан еңбегі сіңген бір азаматқа Тарбағатай ауданың «Құрметтіазаматы» атағын береді. Бір күні қараса, ешқандай еңбегі сіңбеген, қатардағы біреуге «Құрметті азамат» атағын берген. Одан ана кісі наразы болып, әкімдікке барып, «Мына атақтарыңды өздеріңе қайтып берейін, рахмет» деген екен. Міне, азаматтардың құнын төмендетуге болмайды. Құрметтің де жөні бар, жолы бөлек. 

- Елдің мұң-мұқтажын, көкейінде жүрген ойларын айтып, бүкпесіз жеткізген сұхбатыңызға алғыс айтамыз!

Әңгімелескен: Мақпал МАРАТҚЫЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar