1957 жылы Ақсуат орта мектебін бітірді. 1957-1958 жылдары телефон желілерін бақылаушы, 1960 жылы Ақсуат байланыс торабында кезекші техник, 1960-1964 жылдар аралығында Ташкент электротехникалық байланыс институтын бітіріп, Семей қаласында радио хабар тарату дирекциясында аға инженер, 1965-1968 жылдары бас инженер қызметтерін абыроймен атқарды. 1968-1970 жылдары Кеңес әскері қатарында болды. 1973-1984 жылдар арлығында Семей облыстық өндірістік- техникалық байланыс басқармасы бастығының күрделі құрылыс жөніндегі орынбасары, одан кейін үздіксіз 1997 жылдың мамырына дейін облыстық байланыс басқармасын басқарды. Осы жылдар ішінде Қадыр Тортаевтың басшылығымен Семей өңірінде байланыс ісі жоғары қарқынмен дамыған. Осы кездері Семей байланыс басқармасы бірнеше рет республикалық және Бүкілодақтық Социалистік жарыстың озаты деп табылып, ауыспалы Қызыл тумен марапатталды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 1989 жылғы 24 наурыздағы жарлығымен Қадыр Тортаевқа «Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген байланысшы» құрметті атағы берілді. 1999 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды. Үздік байланысшының атын есте қалдыру мақсатында 2002 жылы Семейдің Радио техника және байланыс колледжіне есімі берілді.
Нәдірбек Әпсалямов, Қаракерей Қабанбай атындағы қордың төрағасы, Ұттық спорт түрінің директоры, Білім беру ісінің үздігі, профессор:
- Қадыр Тортайұлы дүниеден өткелі осы жерде төрт рет жиын өтті. Сонда төрт мәрте естелік айттым. Біз Қадыр Тортайұлы екеуміз Тартағатай ауданы, Ақсуат ауылында бір жылда дүниеге келдік. Мектепті бірге бітірдік. Ол кезде қалаға, Жаңғызтөбеге келу деген өте қиындау болатын. Пойыздың не екенін білмейміз. Үлкендер пойыздың қара бұқасы болады деп айтатын. Барлық жоғары білім ордаларының барлығы Ташкентте еді. Ташкенткеде бірге бардық. Мен экономист мамандығына, Тортай байланыс саласына оқуға түсті. Екеуміз кішкентай күнімізден бірге өстік. Студент кездің қызық-қуаныштарын бірге өткердік. Маңайымызда қыздар да көп. Содан Қадыр «Мен бір жылда екі рет туған болайын» деді. Сөйтіп, екі туған күн жасадық. Бұрын Ақсуатта жүргенде туған күн дегенді білмейміз ғой. Студент болып, туған күн жасап жүрміз. Бір туған күнге келген қызды, екінші туған күн 8 –наурызға тағы шақырып жібергенбіз ғой, «Қадыр-ау сен екі рет туғанбысың» деп, күліп жатыр.
Қызықты оқиғалар бастан өтті. Дос дегенде көңілі бөлек еді. Екеуміз бір-бірімізге жақын болдық. Ұлдар өсіп келеді. Тура әкелеріне тартқан. Соларды көріп қуанамыз. Немерелер де математикадан жақсы оқиды. Грамота алып жатыр деп естіп жатырмын.
Қадыр Тортайұлының елдің дамуына, ұрпақтың болашағына қосқан еңбегі зор. Біздің Семейден шыққан көптеген азаматар бар, елдің дамуына үлес қосып, еңбек етіп жүрген. Өмірден өтіп кеткендері қаншама. Соларды ұмытпауымыз керек. Дәріптеу керек. Ұрпақ білсін. «Тамаша адамдардың өмірі» деген жобаның өзі мақтауға тұрарлық. Семейге республикалық маңызы бар қала дәрежесін беретін болса, нұр-үстіне нұр болар еді.
Егер сондай дәреже беріп жатса, еңбек етіп жүрген азаматтардың арқасы. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл жақсылықтарын әкелсін!
Радиотехника және байланыс колледжінің директоры, Оралхан Сартаев,
- Қайырлы күн! Бүгін колледжімізде жыл сайнғы дәстүр бойынша өтетін «Тамаша адамдардың өмірі» деген жоба аясында Қадыр Тортайұлының 80 жылдығына орай осы кездесуді өткізіп отырмыз. Кешегі ол кісінің көзін көрген замандастары да отыр. Қадыр Тортайұлымен бірге еңбек еткен азаматтардың өмірлерін өнеге ретінде бейнекөріністен көрсетіп жатырмыз. Осының барлығы ұрпаққа өнеге. Ол кісі байланысшы мамандығынан бастап, 40 жыл осы салада еңбек етті. Болашақ кадрларды дайындауда баса назар аударды. Модернизациялау кезінде Германияның тәжірибелерін көрсеткенде біз оны бұрын меңгеріп алғанбыз. Осындай озық ойлы, жаңашыл азамат болатын. Көзі тірісінде біздің колледжға жиі келіп, колледждің техникалық базасын жаңартуға атсалысты. Әркез көмектесіп жүрді.
Бүгінде ол кісінің жары Зағила Молдақұмарова біздің колледжге келіп, жылда үздік оқитын студенттерге гранттар береді. Колледж мұражайында ол кісінің өмірінен естелік болатын құнды мұралар қойылған. 70 жылдығында үлкен ғылыми конференция өтті. Сол сәттерден де естеліктер бар. Бүгін 80 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Қадыр Тортайұлының есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталмақ.
Аманжол Тортаев, Шәкәрім университетінің оқытушысы:
- Қайырлы күн! Бүгін ағамыз көзі тірі болса, 80 жасқа толар еді. Ол кісі көптеген жұмыс атқарды. Атақты байланысшы болды. Бүкілодақтық жарыста Семей облысы байланыс саласы бойынша бірінші орынға шықты. Біздің облысымыздың бетке ұстар азаматы болды. Ол заманда тіпті біздің алыс, шалғай ауылдарымыздың өзінде байлныс жүйесі болған. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсы болды. Семей қаласында байланысшылар үйі болды. Ауруханаар, балабақшалар тұрғызды. Ол кісі ең алдымен жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын ойлайтын. Олардың баспанамен қамтылуын алдыңғы орынға қоятын. Сонынмен қатар, өзінің мамандығын жақсы білді. Ташкент қаласында оқыды. «Бұл байланыс саласы бір орында тұрмайды, әлі дамиды» дейтін.
Шалғай ауылдар Ақсуат, Жарма аудандарындағы байланысшылардың телекомуникация мен қатар, әлеуметтік жағдайларын жасады.
Семей облысының байланысы Кеңес одағында бірінші орын алды. Сол еңбегі үшін «Байланыс саласының үздігі» атағы берілді. Мұндай атақ ол кезде мыңның біріне ғана берілетін еді.Қадыр Тортайұлын еске алып, осы салаға көп еңбек сіңірген азаматтар келіп отыр. Жас ұрпаққа үлгі болсын, тәрбие болсын деп отырмыз. Қадыр Тортайұлы осы Семейдегі белгілі ТВК-6 телеарнасының жарық көруіне үлес қосып, ақ батасын берген адам. Бүгін замандастары мен ұрпақтары мақтанып еске алуда.
Төлеген Тортаев:
- Бүгінгі залға жиналған қауым баршаңызға рахмет! Жаңа жақсы естеліктер айтылып жатыр. Мен бір-екі дүниесіне тоқталып өтейін. Бүгінде барлығымыз орысша «сотывый связь» дейміз қазақша соты деген ұя деген сөз. Қазақстан бірден - бір мемлекет болашаққа осындай спутникті байланыс жасаған. Осы аспандағы спутникты байланысты жердегі станциялар бақылап, қуаттайды. Жер бетінде осындай байланыс бар көп мемлекет жоқ. Бұл дүние бұрын жасалған. Және жоғары дәрежеде жасалған 30-40 жылдар бұрын. Қысқа мерзімнің ішініде. Осының арқасында әлеуметтік желі басқа дүниелерді пайдаланып жатырмыз.
Қадыр Тортайұлы көзі тірісінде болашақ үшін өшпес өнеге қалдырып кетті. Соның барлығын, көзіқарақты халық біледі. Сыйлайды. Бүгінгі 80 жылдығына жеңгеміз келіп отыр. Бұл кісінің құрметі ерекше. Ағамызды өмір бойы сыйлап өтті.
Қадыр Тортайұлы жер басып жүргенде бүгінде 80 жасқа толар еді. Зоя анамызбен бірге тізе қосып, той үстінде көңілі көк тіреп, ортамызда одан әрі гүлдендіріп отырар еді.
М. МАРАТҚЫЗЫ