Әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың ән мұрасы да ел есінде жаттаулы. «Аягөз ару», «Дариға, домбырамды берші маған», «Сәби болғым келеді» сияқты Мұқағали ақынның өлеңдеріне жазылған әндері сан жүректің төрінен орын алды. Міне, нағыз өнерге жан-тәнімен беріліп, тер төгіп қызмет еткен ардақтыларымыз. Ән өнерін көкке көтерген,ешқашан ұмытылмас ұлы тұлғаларымыз.
Осылайша кешегі ән әлемінің жауhарларын қысқаша еске алып өттік. Ал бүгінгі күні қандай?
Қоғам дамыған сайын өнерді өрге сүйреп жүрген жастарымыздың саны күн сайын артып келеді. Бір ғана мысал – әдемдік сахнада құбылысқа айналған Димаш Құдайбергенов. Ақтөбелік әншіні бұрындары қатты сынға алып, жігерін жасытып, бағаламаған болатын. Нағыз талант түптің-түбінде өзін дәлелдейді деген рас. Димашымыз ерекше жанды дауысымен әлемге Қазақстанның атын шығарды. Талай елді өнерімен мойындатты. Оның барлығы өнерге деген құштарлығы мен еңбегінің нәтижесі. Димаштың артынан еріп келе жатқан жас әншілеріміз Максим Ержан мен Данеля Тулешова да өздерін көрсетуде. Түрлі байқауларда жүзден-жүйрік атанып, қазақ елінің атын әуелетті.
Деп мақтанғанымызбен, бүгінгі қазақ әндерінің жағдайы көңіл көншітпейтіндігін де мойындауымыз керек. Орындайтын әнші де көп сынға алынады. Себеп – есер әуеннің төрге шығып, есті әуеннің көлеңкеде қалуы. Қазіргі әннің мәні жоғалып,сөзінің салмағы кеткен заман болды. Тез танылуды ғана ойлап, атақ алып,пайда көрмекке бекінеді. Ол үшін хайп (дүрлікпе, алдамшы жарнама) жасап, елді елең еткізетін ән жазады. Жеңіл нәрсеге бой үйреткен,ұлттық санасы қалыптаспаған жастарымыз оны бірден қабылдап, жын ұрған адамдай оларға қолдау көрсетеді. Осының салдары жастарды рухани талғамсыздыққа апарады. Небір Батыстың стиліне еліктеп өнер шығарып жүрген топтар да әннің қадірін кетіретіні үйреншікті құбылысқа айналды. Ұлтқа сай келмейтін тірлік істеп, хит болам деп «ит» боп жүргендердің саны да жетерлік.
Шыны керек,таза әнші деген атқа лайық жандар аз. Бүгінгі құбылмалы қоғамда тек қазақтың нақышында ән салып, қоңыр даусы мен талай жүректерге әнін жеткізгендердің бірі Қуандық Рахым ғана десем қателеспеймін. Дәстүрлі әнді қалай орындайды десеңізші. Жанды дауысымен ән шырқағанда денеңді дір еткізеді. Қазаққа байланысты өлеңдері рухтандырып, патриоттық сезімге жетелейді. Эстрадалық бағыттағы әндерінің мәні де ұнамды. Қуандықты күллі қазақ осындай өнері үшін бағалайды, жақсы көреді.
Болашақта дәл осы таланттай әншілеріміз көп болса, қазақ ән өнерінің өрісі кеңейіп, ғұмыры ұзақ болатынына кәміл сенемін.
Қорыта келе,болашақ әншілерге: Әндерің жетсін, жүректертерден жүрекке,
Жетіп жатыр әйтпесе, даусы жоқтар бұл елде.
Сахнаның құдіретін, қасиетін сезініп,
Тойда емес, топта шап та дәлелде,-дегім келеді.
Ернұр Дүйсенғазы