Рас, біздің қазақ болып қалыптасқанымызға айтылғандай жылдарды жетектеп дәуір алмасқан сайын қанша қан мен тер төгілді. Тарихқа көз жүгіртсек, біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, Дүниежүзілік соғысты көрді. Өзіндік үлкен тарихымыз бар. Ал, сол тарихты біздің болашағымыз деп отырған жастар біле ме? Өзіміздің тілімізге деген құрметіміз қаншалықты?
Тоталитарлық кезеңде тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Тәуелсіздігіміздің арқасында қайта оралды. Ұлт болып сақталып қалу үшін, тарихымыз ұмытылмас үшін қазіргі және болашақ жастарымыздың ұлт құндылықтарын қадірлеуге, патриоттыққа үйреткеніміз абзал. Ал ондай қасиеттер ең бірінші отбасынан, содан кейін мектеп қабырғасынан және қоғаммен санасына сіңеді. Айтылған ауыздан немесе кітаптан түсінбей жатса тарихи, деректі, көркем фильмдер түсірілген. Мысалға, «Алмас қылыш», «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Кейкі батыр», «Тар заман» баланың көзімен көрген мұндай фильмдер жадында мәңгі сақталып қалады. Бұл отбасындағы бір әрекет болса, мектепте әрине ұстаздарымыздың осындай тарихымызды қызықтырып жеткізсе? Жақында белгілі айтыскер, ақын Серікзат Мақсұтұлының тілімізге, ұлттық құндылықтарымызға байланысты YouTube-тің «Ер қанаты» деген Әділ Орынбасарұлы жүргізген каналында сұхбат берді. Онда Тәуелсіздік алғасын өз тілімізге негізі бейқам қарап кеткеніміз, өзге тілді де мемлекеттік тіл деп қосып қойғанымыз дұрыс еместігін, мемлекетте істейтін жандардың қазақшаны білу керектігін және мектептерге «Алаш» деген пәнді енгізу туралы ұсыныс тастап, біршама тақырыпты қозғады. Жаңағы айтылған «Алаш» деген пән ол «Алаш қайраткерлері» жайын қамту керектігін, яғни тарихымызды үстіртін емес, терең бойлату керектігін жеткізді. Мұндай ұсыныс жақсы ғой. Кімде болсын елінің жанашыры болып отырғандар мұны қос қолын көтеріп қолдары анық.
Өз тілімізден қарағанда өзге тілді қатты көтеріп жібергеніміз сонша қазақша сөйлегеннің өзінде де ішіне орысша тіркестерді қосып жібереміз. Яғни, таза қазақша сөйлей алмаймыз. Тілді білгеннің артығы жоқ. Бірнеше тілді үйренсін, білсін бірақ, бірінші орынға өзіміздің тілімізді қойып қастерлеуіміз керек қой жалпы. Тіліміз қадірсіз болса ұлт болғанымыздан не пайда?!
Айжан ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ
25 желтоқсан 2024, 11:37
24 желтоқсан 2024, 17:32
24 желтоқсан 2024, 11:15
24 желтоқсан 2024, 11:12
23 желтоқсан 2024, 16:52
23 желтоқсан 2024, 16:43
23 желтоқсан 2024, 16:38
20 желтоқсан 2024, 12:23
20 желтоқсан 2024, 09:44
20 желтоқсан 2024, 09:39
20 желтоқсан 2024, 09:19
20 желтоқсан 2024, 09:16
19 желтоқсан 2024, 17:01
19 желтоқсан 2024, 16:58
19 желтоқсан 2024, 11:03
19 желтоқсан 2024, 11:00
19 желтоқсан 2024, 09:46
19 желтоқсан 2024, 09:37
19 желтоқсан 2024, 09:34