. Халқым мен үшін бірінші орында” деп қиқулады, бірі «ақша берем, үй берем, көлік беремін» деп лоторея ұйымдастырып шырылдады. Сол лотереясының арты ашылып яғни, ешқандайда халықты жарылқау мақсатта жасалмағандығын, өздерінің арандарын толтыру мақсатында жасалғандығын білгенде “мен ақпын” деп шелектің түбін жалағандарға итере салды. Халықтың басым көпшілігі жұмыссыз қалып, олардың асқақтата айтқан жарнамаларына сеніп, соңғы тиындарына дейін салып, билеттерін сатып алды. Ал соңындасол ұтысқа арналған бас жүлде ақша, машина тіпті үй тұрмақ сол салған соңғы тиындарынсыз қалды. Сондай “халқын ойлағыш” әншілер мен блогерлер қаптап кетті. Халқы індеттен қырылып, жерге тамағымыз жоқ, балаларымыз аш отыр, күйеуім жұмыссыз қалды деп шырылдаған аналар әкімшіліктің табалдырығына барып ашынып жатқанда тайраңдап шетелде жүргендерін, не ішіп, не жеп жүргендеріне дейін әлеуметтік желілеріне жарыса салды. Соған өзіміз кінәліміз негізінде.
Біреу шешінді дегенді естігенде, не бір жынды іспетті қылықтар жасағанда іздейміз әп-сәтте оларды да жұлдыз қылып жібереміз.
«Жұлдыз, өнер жұлдызы» деген сайын ерсі қылықтар жасап, төсін ашып, санын жалтыратып, жер бауырлап жыланға ұқсап клипке түсіп қазақи қалыптарын ұмытып бара жатқандай. Ата-бабамыздың қызды қырық үйден тыюы қайда қалды сонда? Ел алдында жүрген бұлардан ұрпағымыз, жастарымыз қандай тәлім-тәрбие алмақ?
Телеарналардан “Қосылайық”, “Қалаулым”, “Бір болайық” деген бағдарламалар ашылды. Қос жүректі жарастырып бір етуді көздеген шоу бағдарламалардың түпкі мақсаты ондай емес-ау. Рейтинг көтеру мақсатында интрига тудыратын көріністердің «әкесін танытып», көрермен атаулыны ізеттілікпен жылап көрістіріп жатады.
Ал осы бағдарламаларға қатысуға барғандардың 90%-ы арзан пиардың (атақ) көкесін іздеп келгені анық. Өздеріне оқырман жинау үшін ұрыстың түбін түсіреді, не болмаса жаңағыдай интригаға жатып алады. Соңында қосылғандардан гөрі, интернет желілерінің жұлдызы болушылар көбейеді.
Бірақ та сондайды көріп отырсақ та ешкімді жамандыққа қимаймыз. Тура уақытында сол каналды қосып қоямыз. Көре алмай қалсақ интернет желісінен аңдитынымыз да шындық. Екі сөздерінің бірі “біздің жоба шынайы” деп шырылдайды. Келген бикештеріміз «ата-енеммен тұрмаймын, қалыңмалым үш миллион» деп кербезденеді. Кезінде қаракөз апаларымыз үлкеннің бетіне келмеген, еркектің жағасынан алып, тілін сермеп көрмеген. Ал біздің көріп отырғанымыз не? Беттері бес баттам болып боялып, етегі қысқа, көкірегі ашық, тілі ащы керім қыздар. Осындай қыздар ертең қандай ана, қандай келін болмақ?
Бұл бәрі бірдей дегеніміз емес. Әсте, бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген. Өз абыройын сақтапжүрген Мейрамбек, Сәкен, Димаш сықылды жаман дүниеден аулақ жүрген әншілеріміз де бар. Бірақ, саусақпен санарлық. Ал жаңағы айтылған бағдарламада да шынымен мұқтаж болып келген жандар да аздың қасы.
Ондай отбасын құруға арналған бағдарламаны құрғанда қазақи салт-дәстүрлерімізді насихаттап, келіндік өмірдегі жасалатын тірліктерді үйретіп жатса нұр үстіне нұр болар еді.
А.ЛЕБАЕВА
24 желтоқсан 2024, 17:32
24 желтоқсан 2024, 11:15
24 желтоқсан 2024, 11:12
23 желтоқсан 2024, 16:52
23 желтоқсан 2024, 16:43
23 желтоқсан 2024, 16:38
20 желтоқсан 2024, 12:23
20 желтоқсан 2024, 09:44
20 желтоқсан 2024, 09:39
20 желтоқсан 2024, 09:19
20 желтоқсан 2024, 09:16
19 желтоқсан 2024, 17:01
19 желтоқсан 2024, 16:58
19 желтоқсан 2024, 11:03
19 желтоқсан 2024, 11:00
19 желтоқсан 2024, 09:46
19 желтоқсан 2024, 09:37
19 желтоқсан 2024, 09:34