Мысқылдап сөйлейміз-ау, алайда жылдың қалай өткені бәрімізге белгілі. Covid-19 індетінің әлегі әйтеу кәрісін де, жасын да, баласын да жарты жылдан астам «үйқамақта» ұстады. Қысқасы, Тышқан жылы кірген іннен шығу қиындады. Алғашқы толқын деді, шын мәнісінде вирустан қорықтық, дірдектеп түшкіргеннен қаштық, дәріханадан масканы тауыстық, ауырмасаң да, ауырғанның дәріге таластық сақтанамыз деп. Екінші толқын келеді дегенде, жұрт бұрынғыдай үрейленген жоқ.
Бірақ та, төтенше жағдай режимінде үш ай қамалған жұрттың ендігі қорыққаны сомасының мойынға түсер салмағы ауыр айыппұлдар еді. Қарап отырсаң, анағанда бір, мынағанда бір айыппұлды арқалата бастағанда мемлекеттің ортайған қаржысын халықтың қалтасын қағып толтырмақ па? деген ой келеді екен. Анығын білеміз-ау, карантин салдарынан орта және шағын бизнестің түр-түрі шығынға батты. Ел экономикасынада тісін батырған кішкене вирустың әлегі қаржыны судай жұтты келіп. Жыл басындағы жайттың қайталанбасы үшін санитарлық талап, арақашықтық, маска тағу сынды шарттарды орындау азаматтық борышымызға айналып кеткендей-ақ. Адамгершілік тұрғысынан, денсаулықтың маңызын, ақшаның жаннан қымбат болмасын, Денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың ерен еңбегіне бас ию қажеттігін санамызда тағы бір мәрте мойындап та алдық. Сондықтан да, коронавирустың кесірінен қанша адам көз жұмғандығын, вирустан әлі күнге жаны қиналып жатқанын бір сәтке есімізге ала отырып, мемлекет қойған талапты айыппұлдан қашу үшін емес, өзіміздің және жақындарымыздың сақтығы үшін ұстану деп ұғатын болдық.
Жалпы, осы тұста өткен бір жылымызға шолу жасасақ, алғашқы екі ай тәуір-ақ басталған еді. Көрші елдегі «тәжтажалдың» барын естісек те елімізге келмесіне сендік. Сол кездегі Бас санитар Жандарбек Бекшиннің аты шулы мәлімдемесінен кейін жағдай күрт өзгерді. Барлық жұмыс орындары мен оқу орындары қашықтықтан жұмыс істеу барысына көшті. Оқушы мен студент үйден білім алса, ата-ана мұғалімнің қызметін қоса атқарды. Алайда, қашықтықтан оқуға байланыс желісінің шамасы ауылдар үшін жығылғанға жұдырық болды. Шыны керек, қысылғанда осындай кемшіліктер де ашылып жатты. Көпбалалы отбасыларға компьютерлер таратып, білім алуға жағдайын жасауға тырысты. Әйтсе де, интернет желісінің нашарлығынан қиналып отырған ауылдарға компьютерді қосатын желісі болмаса, қажеті не үшін еді? Теледидардан жасалған мәлімдемелер, сыртқа шығуға салынған тыйым бәрі жұрттың есін шығарды. Оның үстіне, әлеуметтік қажеттілік үшін Үкімет бөлген 42 500 теңгені алудың әлегі де естен кетпес әсерімен ерекшеленді. Ақшасы таусылған халық санитарлық талапқа қарамастан тобырымен жиналып почта, банк бөлімшелерінің алдын күзетті. Үйдегі балаға тамағын таба қояйын деген халықтың шырылы түсінікті.
Десек те, осынша дауға айналған мәселеде қай жақтың кінәсі басымырақ екенін түсініп болмайсың. Айтылған межелі уақыт аяқталған соң, әлгіндегі қатал талаптан тізгінді сәл бос жіберумен жазғы үш ай да өте шықты. Қыркүйек басталысымен қашықтықтан оқудың проблемасы қайта қозғалды. Жоғарыдағылардың айтуынша, жұмыстың ретінше орындалуына, уақытты тиімді пайдалануға қашықтықтан құрылған жоспардың игілікті тұстары көп екен-мыс. Уақытты ұтқанымызбен, сападан ұтылып жатқанымыз естен шыққандай-ақ. Әлде, қағазда көрсетілген жоспар орындалса болды, оның нәтижесі қажет болмағаны ма? Көзбен көріп, бетпе-бет тілдескенге не жетсін. Өткен жылға шағын ғана шолу жасағанымызбен жыл басынан аяғына дейін тек бір мәселелердің ғана қайталана бергеніне ішіміз ашиды-ақ. Мақсаттарымыз, істер істеріміз үшін шектеулер шекара қойды. Бабын білгенге оң жамбасынан түссе, ауылды аймақта қалған студентке желі мүмкіншілігінің жоқтығы аяққа салған тұсаудай болды.
Түйіні, нелер айтып, нелерді жазсам да ниетім түзу екенін жеткізу еді. Бұл жылда мен көрген өмір құбылыстары осы болды. Десек те, «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, Сиыр жылынан үмітім зор. Келешекке құрған мақсаттан бөлек, Тышқан жылы үйге қамалсақ, Сиыр жылы жайылымда өзі ұқсап жайылып кетпесек те, кең далада еркін жүретін күн туса екен деген үміт қой, шіркін…
Шұғыла СҰЛТАНМАХМУДОВА
39 минутқа жетпей
42 минутқа жетпей
53 минутқа жетпей
25 желтоқсан 2024, 11:37
24 желтоқсан 2024, 17:32
24 желтоқсан 2024, 11:15
24 желтоқсан 2024, 11:12
23 желтоқсан 2024, 16:52
23 желтоқсан 2024, 16:43
23 желтоқсан 2024, 16:38
20 желтоқсан 2024, 12:23
20 желтоқсан 2024, 09:44
20 желтоқсан 2024, 09:39
20 желтоқсан 2024, 09:19
20 желтоқсан 2024, 09:16
19 желтоқсан 2024, 17:01
19 желтоқсан 2024, 16:58
19 желтоқсан 2024, 11:03