USD474.83EUR515.38RUB5.5

Кредитсіз өмір, өмір ме?..

24 ақпан 2021, 15:30
Жалпы алып қарасақ, Қазақстан – қазба-байлыққа толы ел. Бірақ, соған қарамастан қарапайым халықтың дені кедейшілік шырмауынан шыға алмай жүргені шындық. Жақында ғана шетелдік саяси сарапшылар ең кедей мемлекеттердің тізімін құрды. Қазақстан Кениядан бір саты ғана жоғарыда. Осыдан қарасақ мемлекетімізде байлық бар, бірақ, ақша жоқ. Ал, салыстырмалы түрде қарасақ, Дубайда біздегідей қазба байлық жоқ. Мұнайдың арқасында ғана көтерілген мемлекет. Бірақ, шейхтары да көп, қалалары да, ауылы да жаһанданған. Бүгінде әлем елдерінен ағылатын туристердің ең көп іздейтіні де, баратыны да сол жер.
Кредитсіз өмір, өмір ме?..

Ал, енді  қазба байлық жағынан екі мемлекет тең дәрежеде бірақ, «біз неге Дубайдың деңгейіне жетпей отырмыз?» деген сұрақ үнемі туындайды.  Салыстырмалы түрде қарасақ екі мемлекеттің тәуелсіздік алған жылы әртүрлі. Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда КСРО өкіметі құлағаннан кейін тәуелсіздік алғанын білеміз. Биыл жеке отау тіккеніне 30 жыл толады. Ал, Біріккен Араб Әмірлігі 1971 жылы 2 желтоқсанда  Ұлыбритания отарынан босап шыққаннан кейін алған.  Демек, бүгінгі уақытта тәуелсіздігіне 50 жыл толғалы отыр. Мемлекеттің дамуына әсер ететін бірнеше факторларды алып қарасақ мысалға әлем бойынша жер көлемі жағынан Қазақстан 9-шы орында(2 724 900 км²),  БАӘ 114-ші орында (83600 км²) тұр. Бұл деп отырғанымыз Қазақстанда ең кіші облыс Солтүстік Қазақстан облысынан кіші деген сөз. Тағы бір әсер ететін факторлардың бірі -  мемлекеттік тіл. Біріккен Араб Әмірлігінің ресми тілі араб тілі. Әлемге таралуы жөнінен 5-ші орында. Ол әрине Ислам дінімен байланысты және де араб тілін әлемде 59 мемлекет қолданады.

Екі мемлекеттің тәуелсіздік алған жылы әртүрлі. Дубай бізден 20 жыл ілгері келеді және жер аумағы да кіші болғандықтан, тілінің де көп мемлекет қолданатындықтан да дамуы жағынан қарқынды. Тағы бір айта кетерлігі мемлекеттің дамуына әсер ететін тағы бір фактор – жемқорлықпен күрес. Қазақстан күрес жағынан 114-ші орында тұрса, Біріккен Араб Әмірлігі 29-шы орында тұр.

Осы салыстырудан шығатын нәтиже әрине, біршама ой салады. Қазақстанда жағдай жасалған, еркіндік бар, Бірақ, Дубайдың деңгейіне жетуге біршама жылдардың керек екенін көріп отырмыз.

Мемлекетіміз кәсіп ашып, қандай да бір іспен айналысуына жағдайды жасағанын мойындауымыз қажет. Тіпті, қайтарымсыз грант алып, бизнесін бастауға мүмкіндік береді. Бастысы тың идеяң болса, сарапшылардан өтсе, болғаны. Бастаған бизнес ары қарай қарқынын тауып жатса, тіпті жақсы. Яғни, өскен сайын қолдау да көбейеді. Миллиондап пайызы аз кредит алып кәсібіңді шыңдауға да мүмкіндік мол.  

Қазақстан халқының басым көпшілігінде жинаған қаражаты, салымы жоқ, бірақ несие екі-үшеуден тіпті одан да көп бастарында. Бұған себеп не?  Жалпы, қанымызда қонақжайлылық, «ұят боладымыз» бар болғандықтан біз шама-шарқымызға қарамай той жасаймыз. Шама келмеген соң несие аламыз. Ал, сол несиені бергеніне мәз болып, тегін келіп жатқандай қуанып алып, жылап жүріп төлейтінімізді несіне жасырамыз? Кредитсіз күніміз қараң болып қалды. Ақыры шетелдің банктері «сіз үшін тағы не істей аламыз?» деп тұрып киім-кешегіміз бен тамағымызға дейін кредитке алатындай етіп жасап берді. Сырттан қарап тұрсақ кредит берушілер қармағын тосқан балықшы іспетті, сол қармақтағы азықты ілуге келген, ар жағында қандай қақпанның тұрғанынан да бейхабар халық. Ол қармаққа бір ілінгесін қайта одан құтылу өте қиын.

Жалпы өмірден де көріп жүрміз бір несиеден құтыламын деп, екінші несиенің үстеме пайызын жамылып жатқандарды. Соның жетегінде кетіп, мәселесінің бір түйінін шешемін деп түйіншек болып орап алып, өз-өзін коллекторлар мен банктердің қыспағына шыдамай, бала-шағасын тастап өзін өлімге қиып жатқандарды.

Осы несиені қысқартсақ, банктің жоғарғы пайызына тосқауыл қойылса, мемлекетімізге пайдасы бар бизнес идеяларымыз көп болса,  барлығымыз жемқорлықты жоюға атсалыссақ Қазақстанымыздың даму қарқыны  мүмкін Дубайдың да санатына жетер.  

Айжан ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar