USD491.7EUR531.28RUB5.07

«Медиа шакалдар» деген кімдер?

24 ақпан 2021, 15:17
Ең алдымен бұл тақырыптың басын ашпас бұрын, әлем бойынша төртінші билік өз міндетін қаншалықты атқарып жатыр деген сауалға жауап іздеп көрейік. Жалпы, БАҚ кіммен немесе кімдерге жұмыс істейді? Оларды қаражатпен қамтамасыз етушілер бар ма? Халық па? Жоқ. Демек, оларды қаржыландыратын мемлекет не белгілі бір мекеме орындары бар. Тиісінше, әр ақпарат қаржыландырушының сүзгісінен өтеді. Сүзгісінен өтіп қана қоймай, ықпалын да тигізеді. Журналистер не себепті нақты деректерді жасырады немесе жалған ақпарат таратады? Көбінесе халық арасында дүрбелең туғызбау мақсатында, белгілі бір тараптың ойынша “тыныштық” үшін нақты ақпарат қасақана бұрмаланады. Енді журналистің міндетін анықтайық. Кез-келген тәуелді журналистердің өкініштеріне орай БАҚ саласында қызмет ететін әр тұлғаның басты парызы – ақпаратты бүкпесіз, боямасыз жеткізу. Дегенмен, ақпараттың сол күйінде алып-қоспасыз жариялануына кедергі келтірушілер бар.
«Медиа шакалдар» деген кімдер?

  Мәселен, көптеген мемлекеттерде БАҚ-тың этикалық және құқықтық нормаларды сақтайтындығына қадағалау жүргізетін арнайы қоғамдық орындар бар. Мысалы, Францияда мұндай орган ретінде байланыстың аудиовизуалдық түрі бойынша Жоғарғы Кеңес жұмыс істеуде. Бұл орган тек мемлекеттік және жеке теле-радиостансаларды бақылап қоймайды, сонымен қатар эфирге шығу үшін мемлекеттік рұқсат қағаздарын береді. Ұлыбританияда радио мен телевидение қызметіндегі жалпы бағыттарды үкімет пен парламент айқындайды. Ал баспасөздегі этикалық талаптардың орындалуын арнайы комиссия қадағалайды. Бұл мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарына ықпал ететіндігін айқындайды.  Сөзіме дәйек ретінде ақпар ұсынамын: 2010 жылдың 11 наурызынан 12 наурызына қараған түні еліміздегі Қызылағаш су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан Қызылағаш ауылы шайылып, тұрғандардың бір бөлігі ізім-ғайым жоғалып, бір бөлігі ауыр жапа шегіп, енді бір бөлігі көз жұмған болатын. Сол уақытта отандық БАҚ жапа шеккендердің де, ес-түссіз жоғалғандардың да, қаза болғандардың да санын жасырды. Мәселен, бүгінгі таңда уикипедияның ақпараты бойынша сол оқиғада 150 адамның жоғалғандығын, ресми ақпарат бойынша 37 тұрғындардың қаза болғандығын растады. Ал,  «Central Asia Monitor» атты республикалық қоғамдық-саяси газетініің 2010 жылдың 19 наурызында жарияланған «Кызылагашская казнь» мақаласында Қызылағаш тұрғындары оқиға туралы сұхбат бергені жарияланды. Сұхбатта тұрғындардың бірі Софья СЮРА былай дейді: “Су тасқынынан қаза тапқан адамдардың саны өте көп, менің ойымша биліктегілердің жариялаған санынан әлдеқайда көп”; Абеу АЛИМХАН: “35 адамның қаза болғаны туралы айтылып жатыр, бірақ оған ұқсамайды. Қызылағаш ауылы көнеден бар. Мекен ететін тұрғындар саны да көп. Су тасқыны боларда барлығы шырт ұйқыда жатқан”; “Теледидардан 35 адамның көз жұмғаны айтылып жатыр. Шындығына келгенде, 350-ге жуық адам жоқ. Табылмағандары қаншама”; СЕРІК: “Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша мыңдаған адам эвакувацияланған, Төтенше жағдай қызметі 1700 адам деп отыр, бұл басқа сан”. Бұны тәуелді ақпарат тасымалдаушы егенттіктер қалай жасырса да, «медиажыртқыштар» бүкпесіз баяндады. Сонымен, медиа шакалмен тәуелді БАҚтың аражігін ажыраттық.

  Халықты БАҚ арқылы басқару немесе манипулиция әсері әлем бойынша жүзеге асырылуда. Мәселен, АҚШ-тың бұрынғы президенті Ричард Никсон ұлттық қауіпсіздік кеңесінде бюджет шығындары туралы сөзіндe: «Ақпарат пен үгіт-насихатқа жұмсалған 1 доллар  қару жүйесін  құруға жұмсалған  10 доллардан әлдеқайда табысты, қаруға кеткен шығын сол мерзімде іске жаратылып үлгеретін болса, шығын кетірген ақпарат сәт сайын, сағат сайын жұмыс істей береді» - деген. Бұл дегеніміз, ақпараттық заманда журналистерді қаламмен қаруландыруда ерекше күш жұмсап, қаражатпен қамтамасыз ету.  Айтар ойыма тұздық болсын, РФ президенті В.Путин де осыдан бірнеше жыл бұрын шетелдегі орыстілді БАҚ-тарды дамытуға Үкіметке тапсырма жүктеп,  ресейлік бюджеттен 70,4 млрд. рубль бөліндірді. Ары қарай тұжырым жасауды сіздің еншіңізге қалдырдым.

Қысқасы, оқиға орнынан тікелей халыққа жететін боямасыз бейнелер, эксклюзивті роликтер – барлығы медиа шакалдардың атқарар істері. Бір ескере кететін жайт, бұл ұйымдар  ресми агенттіктерге немесе медиахолдингтерге тиесілі болмауы әбден мүмкін. Тіпті, олардың ішінде медиасауатсыздары да баршылық. Олар мемлекетке қарсы әрекет жасамайды. Оппозициялық бағытты ұстанып, ұсынбайды. Бірақ, мемлекет шектеу қойған ақпараттарды таратудан тартынбайды. Демек, тәуелді БАҚ-тың көзінше тәуелсіз БАҚ «Медиа шакалға немесе медиа жыртқышқа» тең.

Аида Ахметбек

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar